Қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталығында салынған жұқпалы аурулар орталығын аралады. Енді бұл жерде саябақ салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімі орталық жұмысын көру барысында аталған орталық аумағына саябақ салып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берді.
Ол үшін "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" басшысына жобаларды осы апта ішінде дайындау қажет екенін айтылды.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды оқшаулап, сапалы медициналық қызмет көрсететін орталық 200 орынға лайықталған.
Мұндағы бір ерекшелік – әрбір төсек-орынға жасанды тыныс алу және дәрігерді шақыруға арналған қондырғы орнатылған. Сонымен қатар орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған және жансақтау бөлімі мен зертханасы бар.
Сондай-ақ, ол жердегі емделушілердің денсаулығын дәрігерлердің арнайы білезіктер арқылы бақылауына мүмкіндігі бар. Ал жедел-жәрдем көліктері үшін қоңырау түскен жағдайда әр шақырту алдында дезинфекциялық жұмыс жүргізуге арналған жуу аумағы да қарастырылған.