• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 23 Желтоқсан, 2020

Түркістанда тәркіленген аппараттар аудандық ауруханаларға берілді

304 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданының прокуратурасы мен "Атамекен" кедендік бекетінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына 7 жасанды тыныс алу аппаратын контрабандалық жолмен жеткізбек болған тұлғаларды құрықтаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Күні кеше Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен ауданның прокуроры Жұмағали Ботабеков контрабандашылардан тәркіленген жасанды тыныс алу аппараттарын "Мырзакент" және "Атакент" аудандық ауруханаларының басшылығына табыс етті.

Атап айтқанда, 5-еуін "Мырзакент" аудандық ауруханасына, 2-еуін "Атакент" аудандық ауруханасының балансына өткізіп берді.

"Коронавирус инфекциясы асқынған жағдайда адамның өкпесіндегі тыныс алу жолдарын зақымдайды. Науқасқа оттегі жетіспей қиналады. Міне, осындай жағдайда тыныс алу аппараттарының маңызы зор. Сондықтан бұл құрылғыларға деген сұраныс өте жоғары және осындай заңсыздықтардың алдын ала отырып науқастарға өте қажетті құрылғыларды біздің мекемемізге табыс еткен прокуратура қызметкерлеріне алғыс білдіреміз", дейді "Мырзакент" аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Нұржан Нұрашев.