• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2010

ЕЛДІК ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК МҮДДЕЛЕР ЖОЛЫНДА

603 рет
көрсетілді

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде “Жер қойнауы және жер қой­науын пайдалану туралы” заң жобасы талқыланды. Жоба жер қойнауын пайдалану операция­ларын жүргізуге инвестиция тарту үшін жағымды жағдай жасауға, республикалық және өңірлік мүдделер мен минерал­дық-шикізаттық базаның үй­ле­сімін қамтамасыз етуге бағыт­талған. Заң жобасында мемлекеттің басым құқықтарын жүзеге асы­ру мен жер қойнауын пайда­лану құқығы бар заңды тұлға­ларды жер қойнауын (оның бө­ліктерін) пайдалану құқықта­рынан айыруға рұқсат беру (рұқсат бермеу) рәсімдерін ег­жей-тегжейлі реттеу қарасты­рылған. Құжат жер қойнауын пайдалану құқығын конкурстық жағдайда және тікелей келіс­сөздер арқылы беруді қарасты­рады. Сондай-ақ құзыретті ор­гандар бастамасы бойынша біржақты түрде жер қойнауын пайдалану шарттарының күші тоқтатылған жағдайда оны қай­та жаңғыртуды қарастыратын ереже де енгізілді. Мәжілісте мақұлданған заң жобасын талқылау барысында бірқатар бағыттар бойынша өз­герістер мен толықтырулар ен­гізілетін болды. Атап айтқанда, стратегиялық маңызды энергия жеткізуші алу мақсатында ілес­пе газды өңдеу арқылы тиімді пайдалану немесе қоршаған ортаны және халық денсаулы­ғын қорғау үшін мұнай химия­сы өнеркәсібіне шикізат ре­сурстарын алуды қарастыратын түзетулер енгізілді. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүр­гізу барысындағы тауарлардағы, жұмыстар мен қызмет көрсету­лердегі қазақстандық құрамға қатысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандар туралы міндеттемелерін орындау тура­лы Үкімет құзыреті толықты­рылды. Басқа да шешімді жәйт­тер қамтылды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.