• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Желтоқсан, 2020

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

93 рет
көрсетілді

23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 458 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 199 адам, анықтамасыз 259 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 770 жолаушы, анықтамамен - 713, анықтамасыз - 57; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 517 жолаушы, анықтамамен - 321; анықтамасыз - 196;Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 96 жолаушы, анықтамамен - 91; анықтамасыз - 5;Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 75 жолаушы, анықтамамен - 74; анықтамасыз - 1.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 22 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 149 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.