• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Желтоқсан, 2020

Сенатта кейбір заңнамалық актілерге қол қойылды

128 рет
көрсетілді

Сенаторлар «Техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық сертификаттау жүйесін дамыту қажет. Ұлттық стандарттардың беделі мен оларға деген сенімді арттыру мәселесі де маңызды. Бүгін қабылданған заңдар осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Олар техникалық реттеу саласындағы бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Сол арқылы өнімнің тиісті сапасына және оның тұтынушылар үшін қауіпсіз болуына ықпал етеді», деді Сенат Төрағасы.