• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2020

Тайыншада азаматтығы жоқ тұрғын анықталды

327 рет
көрсетілді

Солтүстікқазақстандық орыс тұрғындарының кейбірі ала көңіл, олар түбінде өздерінің тарихи отандарына кетуді ойлап жүреді. Сондықтан өзі болмаса да балаларына Қазақстан азаматтығын алдыруға асықпайды. Соның бірі Тайынша ауданының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Ресей Федерациясынан 2 жасында Қазақстанға әкелінген болса да ата-анасы Қазақстан азаматы болуға қажетті құжаттарды ресімдемеген екен. Сондықтан ол осы уақытқа дейін азаматтығы жоқ адам болып жүрген.

Жуырда көші-қон қызметі жас әйелде басқа мемлекеттің азаматтығы жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін оған жеке куәлік алуға көмектесті. Әзірге әйелге «азаматтығы жоқ адам» мәртебесі берілді. Тек бес жылдан кейін ғана ол Қазақстан азаматтығын алу құқығына ие болады. Сөйтіп «алакөңіл» ата-ана қызын әуреге салып қойған.

Азаматтықты тым болмаса бес жылдан кейін алатынына қуанған жас әйел Тайынша ауданының полиция бөлімі мен көші-қон қызметіне алғысын бейнекөрініс арқылы білдірді.