Бір тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.
28 желтоқсандағы ақпарат бойынша, коронавирус инфекциясынан 22 480 адам емделіп жатыр. Науқастардың ішінде 5 058 адам стационарларда, 17 422 адам амбулаториялық емдеуде жатыр.
Сонымен қатар науқастардың арасында 245 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, 48 адамның жағдайы аса ауыр. 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Айта кетейік, өткен тәулікте 733 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.