• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2020

Бірнеше аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды

181 рет
көрсетілді

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

28 желтоқсанда күндіз Нұр-Сұлтанда боран соғып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Шымкентте кей уақытта тұман болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Петропавлда жаяу бұрқасын болып, Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

28-30 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз 28 желтоқсанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Таразда 28-30 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.