• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2020

Қашықтан оқытуға қатысты ғылыми-әдістемелік семинар өтті

175 рет
көрсетілді

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Гуманитарлық факультеті жанындағы Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту: ұйымдастыру, басқару және моделдері» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Жиынның мақсаты – халықаралық және отандық ғалым-әдіскерлердің қатысуымен қашықтан оқыту курстарын әзірлеу әдістемесін сипаттау шеңберін талқылау, одан бөлек  ЖОО-да қашықтан оқытуды жаппай енгізуге байланысты оқу-әдістемелік құралды дайындау үшін қашықтан оқыту  курстарын әзірлеу әдістемелерін пайдалану практикасы бойынша ой бөлісу.

Аталмыш ғылыми-әдістемелік семинарға шет мемлекеттерден, атап айтсақ, Ташкент Аграрлық Университетінен Рахимова Н.К, Самандарова Г.И, РФ, Башқұртстан Ұлттық білім беру жөніндегі ресурстық орталық директорының орынбасары Давлетшина М.С, Монғолия, Ховда университетінің Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесінің директоры, профессор Қ.Жылқыайдарқызы, І.Маратқызы, Қарақалпақстанның Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтынан ф.ғ.д. Торткулбаева Т.А сынды тәжірибелі ғалымдар қатысып, қашықтан оқытуды ұйымдастыру және оны іске асыруға байланысты өздерінің келелі ойлары мен тәжірибелерін ортаға салды.

Доцент Тоқсанбаева Т.Ж. ғылыми-әдістемелік семинарды жүргізді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да өткізілген халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарды факультет деканы Аяпбергенов Б. К. ашып, соңында кафедра меңгерушісі Тілеулесова А. қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, арнайы сертификаттар табыстады.

Қазақстандық ғалым-әдіскерлер, ағылшын пәнінің оқытушысы Ахметова. Г, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің аға оқытушысы, филология магистрі Молдашева.Л және Акошева М., Кукенова.Г, Аринов. Е, Резуанова.Ғ, Амангелді.А осы мәселеге қатысты түрлі пайымдарын, ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсынып, өзара ой бөлісті.