28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив аралдары, Египет, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 19 халықаралық әуе рейсі келді.
2 832 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 094 адам, анықтамасыз 738 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 243 жолаушы, анықтамамен - 928; анықтамасыз - 315;Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 589 жолаушы, анықтамамен - 1 166, анықтамасыз - 423.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 28 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 738 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.