• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2020

Жамбыл облысында 200 балаға президент сыйлығы табысталды

171 рет
көрсетілді

Жаңа жыл мерекесіне орай Жамбыл облысында 200 балаға Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олардың қатарында ата-анасының қарауынсыз қалған, жетім, көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін 9-13 жас аралығындағы балалар бар.

Жамбылдық балаларға Мемлекет басшысының атынан құттықтау хат, екі тілдегі «Ұлы Абай» энциклопедиясы мен «Қазақ ертегілері» жинағы, сондай-ақ, тәтті сыйлықтар және ақшалай сертификат берілді.

Ел Президентінің атынан келген сыйлыққа Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері де ие болды.

Сонымен қатар өңірдегі 100 балаға Жамбыл облысының әкімі атынан да сыйлықтар табысталды. Бір айта кетерлігі, еліміздегі карантин жағдайына байланысты және еліміздің Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес, биыл облыста Қазақстан Республикасының Президенті, облыс әкімі және қала, аудан әкімдері атынан жаңажылдық шырша кеші ұйымдастырылмайтын болды.