Қазақстанда коронавирус жұқтырған 22 480 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 480 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 058 пациент стационарда, 17 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус жұқтырған 245 адамның жағдайы ауыр, 48 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.