• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында үш тәулікте 344 адам коронавирусқа шалдықты

334 рет
көрсетілді

Атырау облысында үш тәулікте 344 адам коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды Egemen.kz. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 желтоқсанда 79, ал 26 желтоқсанда 132 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан еді. Енді солардың қатарына тағы 133 науқас қосылды.

«Өткен тәулікте 133 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды. Оның ішінде 38 науқас Атырау қаласында тіркелді. Ал Жылыой аудаында 5, Қызылқоғада –  2, Индерде – 6, Мақатта – 3, Құрманғазы ауданында 8 адамнан Сovid-19 инфекциясы  анықталды. Теңіз кенішінде 71 жұмысшыдан коронавирус белгісі табылды.  Қауіпті індет 36 науқаста симптомды түрде өтуде» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте 25 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Үй жағдайында емделушілердің қатарын 330 адам құрап отыр.

Облыстық инфекциялық стационарда 119, аудандардағы инфекциялық стационарларда 22 пациент емделуге жатқызылыпты. Ал Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 516 адам емделіп жатыр