• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2020

Түркістанда 2021 жылы заманауи туристік кешен салынады

2106 рет
көрсетілді

2021 жылы Түркістан облысында құрылысы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржыландырған «Керуен-Сарай» көпфункционалды жаңа туристік кешені салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жобаның жалпы құны – 87 млрд теңге, бұл ретте ҚДБ қарызының көлемі 20 жыл мерзімге 40 млрд теңгені, ал қарыз алушының меншікті қатысу үлесі - 47 млрд теңгені құрады. Банктің қаржы қаражаты жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағытталған.

Мәміле Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды.

Биыл туризм саласы бүкіл әлемде пандемияның теріс ықпалына ұшырағанына қарамастан, Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша үлкен әлеуеті, сондай-ақ әлемдік қоғамдастыққа бай табиғи әлем ұсыну мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, Түркістан қаласы Ұлы Жібек жолының дәл ортасында орналасқан және бай тарихы мен экономикалық даму әлеуеті бар түркі әлемінің рухани астанасы болып табылады.

«Керуен-Сарай» туристік кешені туристер Түркістан тарихымен, Қазақстанның мәдениетімен, тарихи тұлғаларымен және Ұлттық спортымен жақынырақ таныса алатын өңірдегі ең ауқымды жоба болады.

«Караван-Сарай» көпфункционалды туристік кешені 115 нөмірге есептелген премиум класты екі қонақ үйді, жылына 300 мың адам жүрерлік сауда және отбасылық-ойын-сауық орталықтарын, сондай-ақ панорамалық аттракционды, spa-орталықтарды, кинотеатрды және фуд-кортты қамтиды.

Инвестициялық жобаны 2021 жылдың 1 тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда, тапсырыс беруші – «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС.

Айта кетейік, 2018 жылы Түркістан облыс орталығы мәртебесін алды, бұл өңірдің қарқынды дамуына ықпал етті. Сауда белсенділігін арттыру және халықтың өсуі үшін қаланы дамытуға Үкімет 2024 жылға дейін 1 трлн теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар