Жамбылдық ерікті Еркін Әбдиев қоғамдағы белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің алғыс хатын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еріктіні Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы, полковник Жанат Сүлейменов қабылдап, оған министрдің атынан арнайы алғыс хат табыс етті.
Еркін Әбдиев Жамбыл облысының полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жұмысына көмек көрсете отырып, есірткіге қарсы күреске бағытталған түрлі іс-шараларға үнемі белсене қатысып келеді.
«Мен үшін бұл – жоғары марапат! Менің жұмысым туралы Ішкі істер министрлігінде белгілі болғаны өте қуантады. Мен қоғамға нақты пайда әкелетін осы бағыттағы жұмысымды жалғастыра беремін», дейді Еркін Әбдиев.