• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Желтоқсан, 2020

Әскери оқу орнының факультетіне Бауыржан Момышұлының есімі берілді

609 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жалпы әскери факультетіне аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты ашылу рәсімі Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орайластырылды.

Аталған іс-шараға басшылық, профессорлық оқытушы құрам мен университеттің тыңдаушылары қатысты.

«Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерліктері әрқашан барлық офицерге және жас ұрпаққа үлгі болары анық. Батырдың есімі берілген жалпы әскери факультетінің ашылуы біздің оқу орнына факультет магистранттарын даярлауда зор үлесін қосады деп үміттенемін», - деп Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов атап өтті.

Салтанатты жағдайда қатысушылар командирді құрметпен еске алып, оның өмірі мен ерліктері туралы қызықты фактілермен бөлісті. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде батырды үлгі етудің маңыздылығын атап өтті.

Осы күні аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлын еске алу құрметіне ескерткіш бұрыш ашылды.

«Жедел-тактикалық басқару буынының жоғары білікті офицерлерін, болашақ қолбасшыларды даярлайтын жетекші факультеттердің бірі Бауыржан Момышұлының есімімен аталады», - деп толықтырды жедел өнер және тактика кафедрасының бастығы полковник Эрнест Жүсіпов.