• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2013

Украина мен Ресей президенттері Сочиде кездесті

230 рет
көрсетілді

Украина мен Ресей президенттері Сочиде кездесіп, екі жақ арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімнің даярлығын сөз етті. Бұл туралы Украина премьер-министрі Николай Азаровтың мәлімдемесіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Украина президенті Қытайдағы сапарынан қайтып бара жатып, Сочиге тоқтады. Онда алдын-ала келісілген кездесу өтті, – дейді Николай Азаров. – Мәселе Ресей мен Украина арасында стратегиялық әріптестік орнату болып отыр».

Николай Азаров Ресей мен Украинаның екі жақ арасындағы соңғы үш жарым жыл ішінде орын алған келіспеушіліктердің бәрін жоюға мүдделі екендерін айтады.

Украинаның сыртқы істер министрі Леонид Кожараның айтуынша, бірінші кезекте, Сочиде коопрациялардың стратегиялық қарым-қатынасы жөніндегі құжаттың мақұлдануы сөз болды. «Бұл арқылы Украина өндіріс орындарында 500 мың жұмыс орнын сақтап қала алады», – деді ол. Ол сондай-ақ Украинаның Ресей Федерациясымен де, Еуропа Одағымен де стратегиялық әріптестік деңгейін орнатқанын алға тартты. «Ал Киевтің еуроинтеграциялық бағытта үзіліс алуы Украина экономикасына ешбір зиян келтірмейді», – деді Леонид Кожара.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар