• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2010

ЕЛБАСЫНЫҢ СЫЙЛЫҒЫ – ЕЛІМІЗДІҢ МЕРЕЙІ

593 рет
көрсетілді

Жуырда ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте Елбасына Бейбітшілік және алдын алу дипломатиясы сыйлығы табыс етілді. Бұл жаңалықты мен ерекше көңілмен, мақтанышпен қабыл алдым. “Шығыс-Батыс” институтының Бейбітшілік және алдын алу дипломатиясы сыйлығы АҚШ-тың ең беделді наградаларының бірі және ол мемлекеттік басқару, қауіп­сіз әлем құру саласындағы ерек­ше жетістіктері үшін әртүрлі ел­дердің саяси және мемлекет қай­рат­керлеріне беріледі. Елбасы осы­лайша халықаралық аренадағы Қа­зақстан беделін асқақтатып, елі­міз­дің жасампаз миссиясын халықара­лық қауымдастық алдында танытты. Америка төрінде тапсырылған бұл сыйлық – Қазақстан абы­ройын  жаңа биіктікке көтерген ма­рапат деп есептейміз. Бұл сыйлық – Еліміздің Тұң­ғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері көп қырлы бейбітсүйгіш сыртқы саясатының жемісі. 1991 жылдың 29 тамызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше батылдықпен шешім қа­был­дай отырып, Семей полигонын жапты. 1993 жылы Қазақстан ТМД-да алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруларды таратпау жөнін­дегі келісім-шартқа қосылды. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші ел болып табылады. Дүниеде бейбіт өмірден, мамы­ра­жай тыныштықтан, сол тыныш­тық ортасындағы гүлденген әлем­нен, сол әлемнің ортасындағы ата-ана құшағындағы сәбидің тәтті күлкісінен артық не бар? Осының бәрі еліміздегі тыныштық пен ел басшылығының дұрыс саясат жүргізуінің жемісі екендігі анық. АҚШ пен Еуропа Одағы басшы­ларының Елбасына деген құрметі – Қазақстан мерейі. Әлемнің Қазақстан беделін мойындап, Мемлекет басшысына осылайша айрықша құрмет пен сенім білдіруі  Қазақстанның әрі қарай дамуына көп үлес қосады. Барлық жерлестерімнің атынан Елбасына алғыс білдіре отыра, зор денсаулық, береке-бірлік тілеймін. Жасұлан ҚҰДАБАЕВ,  ҰОС ардагері. Солтүстік Қазақстан облысы.