• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Желтоқсан, 2020

Alibaba-ға айып тағылды

441 рет
көрсетілді

Қытай билігі Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу процедурасын бастады. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады.

Нарықты реттеу жөніндегі мемле­кет­тік басқармасы келтірген мәліметке сүйенсек, Alibaba Group сатушыларды «екеудің біреуін таңдауға», яғни өз­­дерімен ғана жұмыс істеп, бәсе­ке­л­ес­терімен жұмысты тоқтатуға мәжбүрлеген.

«Заңға сәйкес, Alibaba Group-қа қатысты монополистік әрекеттерге күдік бойынша тергеу басталды», делінген мемлекеттік басқарманың нарықты реттеу жайлы мәлімдемесінде.

Alibaba Group компаниясы бей­сенбіде хабарлама алғанын және реттеушілердің тергеуіне белсенділік танытып көмектесетінін растады. Осы­дан кейін компанияның Гонконг қор биржасындағы акцияларының бағасы 8,1 пайызға төмендеді.

Біраз уақыт бұрын Қытай билігі Alibaba компаниясының құны 35 млрд долларлық Ant Group жобасын IPO-ға шығаруына тыйым салған-ды. Бұл қадам Alibaba басшылығын да, инвесторларды да таңғалдырғаны анық.

Бейжің билігінің Ant Group-тың IPO-ға шығуына жол бермеуінің басты себебі біреу ғана. Таяуда Alibaba-ның негізін қалаған Джек Ма Шанхайдағы жиындардың бірінде Қытайдың интернет технология саласындағы ережелерін сынаған болатын. Wall Street Journal-дың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, осы оқиғадан кейін Си Цзиньпин құзырлы органдарға арнайы тапсырма беріп, Alibaba-ның мәселесін майшаммен қарауды тапсырған көрінеді.