• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2013

Бішкек пен Ош мэрлері алдағы жылғы қаңтарда сайланады

281 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Бішкек және Ош қалаларының мэрлерін сайлау науқаны 2014 жылғы қаңтар айында өтеді. Мұны «Астананың мәртебесі туралы» және «Ош қаласының мәртебесі туралы» заңдар қабылдануына бастамашы болған парламенттегі «Ата Мекен» фракциясының лидері Омурбек Текебаев сенбі күні КирТАГ тілшісіне баяндады.

«Бішкек және Ош қалаларының мэрлерін сайлау 2014 жылдың ортасынан кешікпей өткізіледі», - деп мәлімдеді Текебаев. Ол сондай-ақ президент қол қойғаннан кейін «Астананың мәртебесі туралы» және «Ош қаласының мәртебесі туралы» заңдардың баспасөз жариялануы тиіс екенін де түсіндірді. «Заңдар күшіне енгеннен кейін 10 күн мерзімнің ішінде Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың өтетін нақты уақытын белгілеуі тиіс», - деді ол. Фракция лидері айтып өткендей, премьер-министр мен қалалық кенештер мэр орынтағына үміткерлердің аты-жөндерін сайлау өтетін күн белгіненнен кейін 20 күннен кешіктірмей атаулары керек.

«Осылайша Бішкек пен Оштың мэрлеріy сайлау алдағы жылдың қаңтар айының ортасына кешіктірілмей өтулері тиіс», - деп ойын түйіндеді Текебаев.

Бұған дейін хабарланғандай, «Астананың мәртебесі туралы» және «Ош қаласының мәртебесі туралы» заңдарды Жогорку Кенеш 31 қазан күні қабылдаған болатын. Заңдар президентті қол қоюы үшін оның аппартына 13 қараша күні жіберілді.

Заңнамаға сәйкес, енді президент бір айдың ішінде оларға не қол қоюы, не кері қайтаруы тиіс.

Еске түсіре кетейік, премьер-министр Жанторо Сатыбалдиев Ош қаласының мэрі Мелис Мырзакматовты орнынан босату туралы өкімге 5 желтоқсанда қол қойды. Ал Бішкек қаласының әкімі Иса Омуркулов соның алдында өз еркімен отставкаға кеткен болатын.

Айтқандай, Ош қаласында кеше басталған ереуіл кешке қарай тарап кетті. Онда жиналғандар алдына М.Мырзакматовтың өзі шығып, алдағы сайлауға өзін-өзі ұсынатынын мәлімдеді.

Сәкен Майлыбай.

Дереккөз: КирТАГ.

Соңғы жаңалықтар