• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2020

Балабақша әдіскері педагогті газетке жазылуға мәжбүрлегені үшін жазаланды

628 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Білім саласындасапаны қамтамасыз ету департаментіТүлкібас ауданы Састөбе ауылының«Қарлығаш» балабақшасы тәрбиешісініңшағымы бойынша әкімшілік істі қарады.

Ақмарал Бүрлібаева Facebook әлеуметтікжелісінде жариялаған бейнешағымында өзінмектепке дейінгі мекеменің басшысыгазеттерге жазылуға күштеп жатқаны туралыайтып шағымданған болатын.

«Балабақша әдіскеріне қатысты ҚР ӘҚБТК 409-бабының 7-3 т. және 409-бабының 7-6 т. бойынша газеттерге жазылуға мәжбүрлеу және педагогикалық әдептің сақталмауы туралы екі әкімшілік іс қозғалды. Осыған байланысты ҚР заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік қолданылды және 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл алдын ала қараудың қорытындысы», —деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Педагогтердің газеттер мен журналдарға жазылуы ерікті түрде жүзеге асырылуы тиісекенін естеріңізге сала кетейік. Жазылуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда мұғалімдер өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне жүгіне алады.