• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында сушиден уланған тағы 8 адам ауруханаға жатқызылды

544 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау облысында сушиден уланып, ауруханаға түскен науқастар 29 адамға жетті.   

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тағы 8 адам ауруханаға жүгінуге мәжбүр болыпты.

«Бүгін Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағы 8 адам келіп қаралды. Дәрігерлер оларды ауруханаға жатқызды. Қазір улану диагнозымен ауруханада 29 адам емделіп жатыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.