• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2013

Бүгін Таиландтағы наразылыққа нүкте қойылуы мүмкін

262 рет
көрсетілді

Бүгін премьер-министр Йинглак Чинават Таиланд королі Пхумипон Адульядеттен парламентті таратуын сұрады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Таиландта 9 желтоқсан күні Йинглак Чинават үкіметі мен оппозиция арасындағы тартысқа соңғы нүкте қоятын ірі наразылық акциясы болады деп күтілуде. Ереуілшілер бұл күнді «мемлекеттік төңкерістің соңғы шайқасы» деп атап, жеңіліс тапқан жағдайда өз еріктерімен билікке берілетіндерін алға тартты.

Оппозиционерлер Бангкок тұрғындарына 9 желтоқсан күні өтетін наразылық шерулері салдарынан қала көшелерінде кептелістер орын алатынын алдын-ала ескерткен болатын. Қауіпсіздік шаралары аясында мұнда 30 мектеп пен 4 университет жұмыстарын уақытша тоқтатқан. Елдегі ушыққан жағдайға байланысты премьер-министр Йинглак Чинават желтоқсан айына белгіленген барлық іс-сапарларын кейінге қалдырды.

Таиланд оппозициясы үкіметтің отставкаға кетуіне қол жеткізбек. Елде наразылық акциялары басталғалы бері қақтығыс салдарынан 5 адам қаза болып, 300-ге жуығы жарақат алған.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар