• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Желтоқсан, 2020

Саяқтағы сауапты іс

445 рет
көрсетілді

Саяқ деп аталатын ауыл Қарағанды облысының түкпірінде орын тепкен. Жақын деген Балқаш қаласының өзінен 170 шақырымдай жерде. Бүгінгі күнде бұл ауылда 2,5 мыңға жуық тұрғын бар.

Мәселесі бастан асатын бұйығы ауыл­дың тұрғындары таяуда қуанышты оқиғаның куәсі болды. Жергілікті кәсіп­кер Бекзат Слямбек кенттегі алғаш­қы әлеуметтік дүкенді ашып, жерлес­терінің алғысына бөленді.

Аталған сауда нүктесінде тауардың 19-ға жуық түрі сатылады. Мұндағы макарон, пияз, ұн, жұмыртқа, күнбағыс майы сияқты азық-түлік түрлері үлкен сұранысқа ие. Бұлардың бағасы да қолжетімді: басқа дүкендерге қарағанда 15-20%-ға арзан. Мысалы, мұнда картоптың килосы 150 теңгеден сатылады. Бұл дегеніңіз, ауылдағы ең төмен баға. Сатушылардың айтуынша, екі күннің ішінде әлеуметтік дүкендегі тауарлардың 80%-ы өтіп кеткен.

Саяқ кентінің әкімі Асқар Ботаханов әлеу­меттік дүкен ашқан Слямбековтер отба­сы­ның кентте белсенді қызмет ат­қара­­тынын айтады.

– Кәсіпкер отбасының иелігінде ша­ғын жиһаз салоны, тұрмыстық техниканы сату бөлімі және тоңазытқыш, теледидар және телефон жөндейтін шеберхана бар. Олар­дың дүкені жергілікті сауда орындары ара­сында мықты бәсекелестік тудырды, – дейді ол.

Кәсіпкер Бекзат Слямбек алдағы уа­қыт­­та тауарды Қарағандыдағы көтер­ме сау­да нүктелерінен сатып алып, оны ауыл­­ға жүк көлігімен жеткізіп алуды жос­пар­лап отыр.

 

Қарағанды облысы,

Саяқ кенті