• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2013

Таиланд премьер-министрі отставкаға кетті

280 рет
көрсетілді

Таиланд министрлер кабинетінің шұғыл отырысында парламент сайлауы 2014 жылғы 2 ақпанға белгіленді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Елдің вице-премьері мен сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Сурапонг Товичакчаикун премьер-министр Йинглак Чинаваттың кезектен тыс сайлауға қатысатынын айтты. «Оның өзі бұл туралы мәселе көтерген жоқ, дегенмен, Йинглак Чинават сайлауға қатысады деп ойлаймын», – ол.

Йинглак Чинават Таиланд королі Пхумипон Адульядеттен парламентті таратуын сұрады. Сондай-ақ ол жергілікті телеарнадан референдумда корольдік халқының көп бөлігі бұл шешімді қолдаған жағдайда саяси дағдарысты тоқтату үшін, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Таиланд конституциясы бойынша, парламент тек корольдің шешімімен ғана таратылады. Парламент таратылған жағдайда үкімет басшысы да отставкаға жіберіледі. Себебі министрлер кабинеті парламент сайлауының нәтижелері бойынша құрылады. Бұл ретте Йинглак Чинаваттың премьер-министр қызметіе қайта келу я келмеуі, оның «Пыа Тай» партиясының алдағы парламент сайлауындағы көрсеткішінен белгілі болмақ.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар