• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Желтоқсан, 2020

Атыраудың тұрғыны алаяққа алданып қалды

343 рет
көрсетілді

Атырау қаласының тұрғыны алаяққа алданып, 2 млн теңгесінен айрылып қалды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметініңмәліметінше, 22 желтоқсанда Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны алаяққа алданғаны туралы шағымтүсірген.

«Шағымданушы 3 бөлмелі пәтер алып беремін деген 38 жастағы азаматшаның сөзіне сеніп, 2 млн теңге қаражатын берген. Нәтижесінде пәтерді де алмай, ақшасын да қайтара алмаған жәбірленуші алаяқтың торына түскенін аңғарған.Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері алаяқтық күдігімен 38 жастағыазаматшаны ұстады.