• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2013

Ақмолада студенттер асылып өлді

354 рет
көрсетілді

Ақмола облысындағы Астархан техникалық колледжінің екі бірдей студенті зиратта асылып өлді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің дерегіне жүгінсек, 27 қарашада екі жігіт Астарханка ауылындағы ауруханадан шыққан күйі із-түссіз жоғалып кеткен. Әзірге құқық қорғау қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайына нақты тұжырым жасаған жоқ. «Степногорск қаласы зиратының шығыс жағында қарағай ағашына асылған екі жігіттің мәйіті табылды. Тексеру барысында олардың Ақмола облысының тұрғындары екені анықталды. Олардың өз өзін өлімге қию себебін сараптама қорытындысынан кейін айтатын боламыз»,-дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар