• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Желтоқсан, 2020

«Бастау»: Қостанай облысында 773 адам жеке кәсіп ашты

194 рет
көрсетілді

Биыл Қостанай облысында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы ұйымдастырған «Бастау» курстарында 1400 адам білім алды. Бүгінге дейін «Бастаудың» 773 түлегі ауыл шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету және шағын өндіріс саласында жеке кәсіп ашқан.

«Карантинге жағдайында енгізілген шектеу шараларына байланысты  биыл жобаны «Atameken Academy» порталы арқылы онлайн режімде жүзеге асырдық. «Бастау» бойынша білім алғандардың 637-сі ер адамдар, 763-і әйелдер. 737 түлек әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар қатарына жатады, оның ішінде  NEET санатындағы 437 жас бар. Сондай-ақ, биыл «Бастаудан» тұрмысы төмен отбасы мүшелері болып саналатын 30, көп балалы отбасылардан шыққан 166 адам және еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулілер санатына жататын 52 адам білім алды», дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.   

Каранинге қарамастан кәсіп ашуға ниеттенген 773 адамға мемлекет қолдау көрсетті. 224 тұрғын жалпы көлемі 798 млн теңге жеңілдетілген несие алса, 556 адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК мөлшеріндегі грант иеленді. Сонымен қатар, 5 адам «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 21,6 млн теңгенің грантын алды.

Жалпы, Қостанай облысында соңғы 4 жыл ішінде «Бастаудан» білім алған 8 876 адамның 2923-і жеке кәсіп ашқан. Олардың ішінде кәсібін кеңейткендер де бар.   

 

Қостанай облысы