Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Жайық жылу энерго» кәсіпорнының 13 млн.теңгесін талан-таражға салған айыпкер ақшаны кері қайтаруға мәжбүр болды. Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады.
«2 млн.теңгені Тахир Мясоутов екеуміз қылдай бөліп алдық. Мен өз еркіммен келіп, қаржыны қайтарып жатырмын. Себебі, мұндай жүкпен өмір сүру мен үшін қиын»,-дейді кәсіпкер Виктор Невгад.
Тексеру барысында анықталғандай, коммуналдық кәсіпорын басшылығы кәсіпкерге жаңа құбырларды алу үшін қаржы бөлген. Алайда, іс жүзінде бұл құбырларды ешкім иеленбесе де, қаражатты өзара бөліседі. Іле осы оқиғаға байланысты прокуратура қылмыстық іс қозғады. Енді былығы әшкере болған кәсіпкер ұрлаған ақшасын біртіндеп қайтару үстінде.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «КТК» телеарнасы.