Теннистен халықаралық ATP Cup турнирі 2021 жылдың 1-5 ақпаны аралығында Аустралияның Мельбурн қаласында өтетін болып бекітілді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Аталған турнирдің өту-өтпеуі біраз уақытқа дейін белгісіз болған еді. Алайда ұйымдастырушылар жарысты бәрібір өткізу туралы шешім қабылдаған. Бұл доданың басты ерекшелігі – қатысушы командалар саны екі есеге қысқарды. Ғаламдық пандемия салдарынан туындаған қаржылық дағдарысқа байланысты жарысқа қатысатын командалар саны 24-тен 12-ге азайды. Сондай-ақ жарысты ұйымдастырушылар турнир бюджетінің де екі есеге кемігенін хабарлады. Турнирде жеңіске жеткен теннисшіге 500 рейтинг ұпай берілсе, жұптық сында топ жарғандар 250 ұпайдан еншілейді.