• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Желтоқсан, 2020

Қардан мүсін соққандар

722 рет
көрсетілді

Металлургтер қаласы Теміртауда жаңа жыл­дық безендіру бойынша байқау ұйым­дастырылды. Сайыста бақ сынаған 30-дан астам жұмысқа қазылар алқасы онлайн режімде баға берді.

Байқау қорытындысында «Үздік қар мүсіні» аталымы бойынша жергілікті «Восток» сая­бағы жеңімпаз атанды. Ұжымның ұйымшыл қыз­мет­керлері келе жатқан жаңа жылдың нышаны – бұқаның мүсінін қардан соққан болатын.

«Восток» қалалық саябағы директорының орынбасары Амангелді Тоқышев мүсінді жа­сауға бір жарым күндей уақыт кеткенін айтады.

– Әрине, бұл оңай болған жоқ, дегенмен біз намысты қолдан бермедік. Ұжым атынан Темір­тау қаласының тұрғындарын жаңа жылмен құт­тықтағым келеді, – дейді ол.

«Қоғамдық көлікті безендіру» аталымы бо­йынша қаладағы №5 автобусты безендірген «Ша­ңырақ» еріктілер орталығының жастары топ жарды.

Бұл игі іс-шарадан қаладағы жеке кәсіпкер­лер де шет қалмады. Мысалы, «Шағын және орта бизнес нысандарын безендіру» аталымында KMK Trade company ЖШС көзге түсті.

Бұдан бөлек, Mittal спорт кешенінің ала­ңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның демеу­ші­лігі­мен жаңа жылдық қалашық пайда болып, ол жерге мұз слайдтары, мұз айдыны, шырша және көптеген жарықдиодты мүсін орнатылды.

Үш аталым бойынша өткен байқау жеңім­паздарының әрқайсысы 300 мың теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы