• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2013

Құрдасын өлтірген жеткіншек 11 жылға сотталды

370 рет
көрсетілді

Қызылорда соты жаппай төбелес кезінде құрдасын өлтірген жеткіншекке қатысты үкімін шығарды.

Қызылорда соты жаппай төбелес кезінде құрдасын өлтірген жеткіншекке қатысты үкімін шығарды.

Бұл оқиға биылғы жылғы оқу бітіру кешінен кейін орын алды. Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде екі мектеп оқушылары арасында кикілжің туды. Сол кезде оқушылардың бірі екіншісін пышақпен ұрған. Осыдан кейін жараланған жігіттің досы сыныптасы үшін кек алмақ болып, бір танысынан қолдан қару жасап беруді сұрайды. Қару дайын болғанда жеткіншек сыныптас­тарын жинап, досын жаралаған жігітті іздеп барған. Мұның соңы екі топ арасында төбелес туып кетуіне апарып соқтырады.

Қалада мектеп оқушылары арасында топтық төбелес болып жатқанынан хабардар болған полицияның «Боран» жасағы шұғыл жетіп келеді. Тәртіп сақшыларын көрген топтар сол бойда жан-жаққа бытырай қашады. Сол кезде қолында қаруы бар манағы бала қашып бара жатқан құрдасын артынан келіп, пышақпен ұрады. Қатты тиген сол жарақаттан оқушы оқиға болған жерде көз жұмады.

Сот барысында жігіттің кінә­сі толығымен дәлелденді. Осыған орай сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұ­ған қоса, оған қолдан қару жа­сап берген адам да жазасыз қал­мады. Ол шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыруға кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар