Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атап өтілетін мерейлі жылға қадам басар сәтте ұзындығы 80 метрлік тутұғыр композициясы ашылған еді. Доға пішіндес композицияның орта тұсында еліміздің картасы, жоғарғы жағына Елтаңба қойылып, ал шеткі бөлігіне Әнұран жазылған. Конус тәрізді тутұғырға көлемі 29х14,5 метрлік Ту ілінген болатын.
«Қалада жел екпіні күшейгендіктен, тутұғырдағы байрақты алып тастауға шешім қабылданды. Өйткені мемлекеттік Туға аса қастерлі рәміз ретінде ерекше назар аудару керек. Сол себептен Тудың алынуы ауа-райының қолайсыздығына байланысты болып отыр» дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов.
Оның айтуынша, ауа-райы тұрақталғаннан кейін Ту қайтадан ілінеді.