Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов бастаған қазақстандық делегацияның Оңтүстік Корея Республикасына ресми сапары басталды.
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов бастаған қазақстандық делегацияның Оңтүстік Корея Республикасына ресми сапары басталды.
Бұл сапардың мақсаты туралы осының алдында ғана өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Бұл сапардың басты мақсаты – сауда-экономикалық, инвестициялық және индустриялық-инновациялық салаларда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестікті одан әрі нығайту болып отыр», деген еді ресми өкіл.
«Егемен-ақпарат».