• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2013

Ақпараттар ағыны

265 рет
көрсетілді

*Қостанай облысы 35 елге астық экспортын жасайды. Бұл туралы мәлімдеген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Федор Филиппов аймақтың 5 жылдағы астық экспорты 7,4 млн. тоннадан асқанын айтты. Ол республика жөнелтілімдері жалпы көлемінің 31 пайызын құрайды.

*Қостанай облысы 35 елге астық экспортын жасайды. Бұл туралы мәлімдеген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Федор Филиппов аймақтың 5 жылдағы астық экспорты 7,4 млн. тоннадан асқанын айтты. Ол республика жөнелтілімдері жалпы көлемінің 31 пайызын құрайды.

*Оңтүстік Қазақстан облысы тауарларын Мәскеуде өткізу келісіміне қол жеткізді. Бұл Ресей делегациясының Шымкентке қазақстандық тауарларды Мәскеу нарығында өткізудің мүмкіндіктерін талқылауға келген сапары барысында шешілді.

*Шығыс Қазақстан облысы биылғы жылыту маусымына 21 млрд. теңге бөлді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың кеше Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен кездесуі барысында анықталған бұл деректе сондай-ақ 10 млрд. теңгенің жылу беру нысандарына берілетіні де келтірілді.

*Алматы облысында 10 отбасы «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша қоныс тойын тойлады. Қарасай ауданында пайдалануға берілген бұл үйлерге мемлекеттік қызметкерлер, жас мамандар, тұрмыстары төмен және көп балалы отбасылары, мүмкіндігі шектеулі жандар орналасты.

*Павлодар облысының мал өсірушілері жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдалануға көшті. Оған Индустрияландыру картасы аясында ірі мал шаруашылығы кешенін салып жатқан Баянауыл ауданындағы «Жайма» МТС» серіктестігі бірінші болып қол жеткізіп отыр.

*Атырау облысы Құлсары ауданында жыл соңына дейін 3 нысан қатарға қосылады. Жылыой ауданының әкімі Максим Ізбасовтың айтуынша, жыл соңына дейін күніне 250 адамды қабылдай алатын емхана, 280 орынға шақталған балабақша мен 624 оқушыға арналған мектеп пайдалануға беріледі.

*Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы бір ферма сиырлары қазақтың күйлерімен сауылатын болды.  Бұрын осы үдерістің кезінде Моцарт пен Бетховеннің музыкаларын тыңдап келген ірі қара тұқымы енді Құрманғазы мен   Динаның дауылпаз күйлеріне де құлақ түре бастады. Мал дәрігері Дәурен Сүйіновтің айтуына қарағанда, осыдан кейін сүттің мөлшері көбейе түскен.

«ҚазАқпарат», BNews.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды. 

Соңғы жаңалықтар