Біз етігінің қонышына газет-журнал қыстырып, кең далада мал қайырған қойшыны көрген ұрпақпыз. Қайнаған тіршіліктің арасында жүрсе де, мерзімді басылымдарды жібермей оқитын ағалардың тәрбиесін алған адамдармыз. Сондықтан бала күнімізден кітаппен қатар әр басылымның бір нөмірін жібермей оқуға дағдыланғанбыз. Оның үстіне біздің әкей Алдаберген Бисенов талай жыл ел басқарған кісі еді. Социалистік Еңбек Ері болатын. Ал үйімізге сол кезде еліміз бойынша шығатын барлық басылым келетін. Әкеміз соның ішінде «Социалистік Қазақстан» газетін өте үлкен ықыласпен оқитын. Бүгінгі «Егемен Қазақстан» газеті біздің бала кезімізден бергі ажырамас серігіміз десек, ақиқаттан алыс кетпегеніміз.

Бүгінде ақпараттық технология дамыды. Барлық керек дүниені алдыңда тұрған компьютерден табуға болады. Оның үстіне интернет игілігімізге айналғаннан бері, түрлі ақпараттық сайттар ашылды. Бұдан бөлек, дәстүрлі басылымдардың да сайттық нұсқалары өмірге келіп жатыр. Дегенмен, бала кезден қорғасынға құйылып, қағазға таспаланған газетті оқып үйренген біздер үшін басылымды парақтап отырып қарағаннан артық рақат дүние жоқ. Сол себепті интернет нұсқасы көз алдымызда тұрса да, «Егемен Қазақстан» газетін үнемі жазыртып аламыз.
Мен «Егеменге» не үшін жазыламын? Біріншіден, ол – еліміздің бас газеті. Мемлекеттің бағыт-бағдарынан айқын ақпарат беріп, Елбасының сындарлы саясатын елге жеткізіп отырған бірегей басылым. Екіншіден, ешқашан жалаң ұранға ұрынбайтын, тек нақты деректерді тарататын шыншыл мақалаларды басады. Бұл – оқырманды адастырмайды, жалған жолға сілтемейді деген сөз. Ал халық үшін ең бастысы да осы. Үшіншіден, Алаш арыстары хақында, елімізге елеулі еңбек еткен адамдар туралы, тау тұлғалы азаматтар жайында тұшымды естеліктер мен эсселер беріп, әлемдегі айшықты оқиғалар мен тарихи орындар турасында кең көлемде деректі дүниелер жариялап отырады. Төртіншіден, елімізде қабылданып жатқан заңдар мен қаулы-қарардың барлығы осы басылымға шығады. Біле-білген адам үшін бұл да маңызды жайт. Себебі, заңның барлығы қоғамның дамуы үшін қабылданады. Ал қоғам адамнан тұрады. Осы ретте Қазақстанның әрбір тұрғыны өзіне қатысты заңдармен «Егемен» арқылы таныса алады десек, жалған болмас.
Жалпы, «Егемен Қазақстан» газетін үнемі оқып жүрген адам заманның үнін сезіп отырады. Ұлт зиялыларының өзі «Заманмен үндес заңғар басылым» деп баға бергенде осыны меңзесе керек. Әсіресе, айдың соңында шығатын «Етжеңді «Егеменді» оқығанда ерекше барақат күй кешеміз. Өйткені, онда зор рухани байлық бар.
Қылышбай БИСЕНОВ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры.