• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2013

Талдықорғанда заңсыз білім берген колледж анықталды

310 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласындағы жергілікті экономика және көлік колледжі өз шәкірттеріне заңсыз білім беріп келген.Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, колледжде 2013 жылдың 20 тамызынан 6 айға білім беру лицензиясы тоқтатылған. Соған қарамастан, колледж студенттерге білім беруді жалғастырған екен.

Жергілікті прокуратура Алматы облысының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне тергеу жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау жөнінде ұсыныс жолдапты Сол себепті аталған оқу орнына қатысты мәселе алдағы уақытта өз шешімін табатын болады.

Данияр Түймебай.

Дереккөз: Gazeta.kz

Соңғы жаңалықтар