• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2013

Парламентте білім саласын оңтайландыру мәселесі қаралды

541 рет
көрсетілді

Еліміздің білім салсына бөлінген қомақты қаражаттың қайтарымы көңіл көншітпейді. Мәжілістегі парламент сағатында Дариға Назарбаева осы ащы шындықты жұртшылыққа айтып берді. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.

«Білім министрлігінің тағдыры оңай болған жоқ. 2000 жылдан бері салада 7 басшы ауысты. Олардың әрбірі өзінің жұмысын кезекті ірі көлемді реформадан бастап отырды. Бірақ солардың бірде-бірі ақырына дейін жеткізілген жоқ. Аталмыш салаға бөлініп келген орасан зор қаржылардың нәтижелері жұтаң ғана. Қазір жұрттың көбі: «Білім саласына тыныштық беріңіздерші, ондағы реформалардан жүрек айниды» дегісі келеді», – деді сөз орайында депутат Д.Назарбаева.

Білім бағдарламаларының тиімділігі де шамалы болып тұр. Осыны сын тезіне алған депутат былай деді: «Біз білікті кадрлардың тапшы, оқулықтар сапасының нашар, оқу бағдарламаларының тиімсіз екенін көріп отырмыз. Барлық материалдық базалары кемшін мектептердегі міндетті пәндердің саны жағынан біз чемпионбыз. Қазір олардың саны 17 болса, дамыған елдерде 6-дан аспайды. Бұл білім берудің сапасы жаңағыдай болып тұрған біздің Еуропадағы дамыған елдерге қарағанда, оған шығынды анағұрлым көп жұмсайтынымызды білдіреді».

Данияр Түймебай.

Дереккөз: Kapital.kz.

Соңғы жаңалықтар