• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2013

Сирия әскері ел аумағын содырлардан тазартуда

240 рет
көрсетілді

Сирия әскері жүргізіп жатқан антитеррористік іс-шара барысында Набак қаласында 200-ден аса содырдың көзі жойылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Аль-Маядин» телеарнасының ақпары бойынша, Набак қаласы содырлардан толық тазартылған. Мұндағы шаңырақтарын тастап кетуге мәжбүр болған қала тұрғындары енді жақын арада өз үйлеріне оралатын болады.

Әскерилер қаланың батыс бөлігінде қару-жарақтар мен жасырын ауруханасы бар ірі қойма тапты. Қалада сондай-ақ төрт миналанған автокөлік табылған. «Аль-Каида» ұйымымен байланыстары бар экстремистер көршілес Ливан мемлекетінде теракт ұйымдастыру үшін миналанған автокөліктерді шекарадағы Эрсаль қаласы арқылы өткізбек болған көрінеді.

Алеппо қаласында Сирия әскері «Ислам майданы» мен «Джебхат ан-Нусра» содырларының бірлескен шабуылдарына тойтарыс берді. Қақтығыс нәтижесінде 70-тен аса содыр қаза тапқан.

Сирия мен Ирак шекарасында экстремистердің қару мен басқа да керек жарақтарын тасымалдау үшін қолданған жер асты жолдары табылды. Сирияның Абу-Кемаль қаласынан Ирактың Эль-Каим қаласына дейін созылған жер асты жолдарының ұзындығы 300 метрді құрайды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар