• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 06 Қаңтар, 2021

Apple компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы кеңсесі қай елде ашылады?

208 рет
көрсетілді

Жақын күндері Ташкентте американдық Apple компаниясының кеңсесі ашылады. Бұл туралы дүйсенбідегі брифингте Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Шерзод Ахматов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан Республикасы Президент Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің ресми телеграм арнасына сілтеме жасап.

Apple Distribution International 2020 жылдың сәуірінде, Google, Samsung, Netflix және басқа да бірқатар компаниялармен бірге Өзбекстанда салық төлеушілер ретінде тіркелген. Өйткені Өзбекстанның Салық кодексінде елдегі жеке тұлғаларға электрондық қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың ҚҚС төлеуі тиіс.

Әзірге Өзбекстанда Apple кеңсесі нақты қашан ашылатыны туралы ақпарат жоқ.

Айта кету керек, бұл елде Оңтүстік Кореядан шыққан мобильді құрылғылардың, компьютерлер мен тұрмыстық техниканың ірі өндірушісі Samsung компаниясының 4 кеңсесі бар.

Ал Apple кірісі бойынша әлемдегі ең ірі технологиялық компания және нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі алпауыт компаниялардың бірі.