ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің өңірлердегі жұмыс сапарлары тұрғындармен маңызды кездесулермен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік және мәдени салмағы бар нысандарды аралауымен де ерекшеленеді.
Кеше Семей қаласында жүрген үміткерлер Дәулет Мұқаев, Ардақ Назаров, Олжас Ордабаевтар қоғам қайраткері, журналист, этнограф, Алаш партиясы жетекшілерінің бірі Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
«Бұл – өз елінің Тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқының көрнекті ұлына деген құрметтің белгісі», дейді үміткерлер. Кандидаттар гүл қою рәсімі кезінде Әлихан Бөкейханның шынайы патриотизмнің және Отанға қызмет етудің үлгісі екенін атап өтті.
Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысының «Приречное» ауылында үміткер Алмасбек Садырбаев «Агрофирма «Приречное» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ол партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді және кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады.
Кездесуге қатысушыларды кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарламаның міндеттері қызықтырды. Кәсіпорын қызметкерлері бизнестің дамуын жеңілдететін жаңа жағдайлар жасауды ұсынды.
Спикер атап өткендей, партия шағын фермерлерді 2%-бен микронесиелеу арқылы қолдау қажет деп санайды. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ынтымақтастығының арқасында өндірісті 20%-ға ұлғайту, субсидиялар арқылы озық технологияларды енгізуді ынталандыру және шығындарды азайту қажет.
Жиналысқа қатысушылар ұсынылған шараларды қолдайтынын жеткізді.
ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалидің айтуынша, партия тарапынан қазіргі таңда өте ауқымды, маңызды жəне қажетті жұмыстар атқарылған.