Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан президенттік олимпиада соңғы екі жылдан бері Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткізіліп келеді. Бұған ұйытқы болып отырған Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы екенін айта кеткеніміз жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан президенттік олимпиада соңғы екі жылдан бері Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткізіліп келеді. Бұған ұйытқы болып отырған Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы екенін айта кеткеніміз жөн.Биыл да сол үрдіс жаратылыстану математикалық бағыт бойынша алтыншы рет жалғасты. Бұл білім сайысының негізгі мақсатына келер болсақ, елімізді әлемдегі ең әлеуетті бәсекеге қабілетті елге айналдыру, білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру, осы негізде физика, математика, химия, биология пәндерін талантты оқушылардың терең меңгеріп шығуына мүмкіндік жасау еді.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша жастардың ерекше талпынысын туғызып отырған білім сайысына ұмтылушылардың саны жыл сайын артып келе жатыр. Мысалы, 2012 жылы 186 оқушы қатысса, 2013 жылы тілек білдірушілер одан әлдеқайда мол болды. Бұл олимпиаданың қандай артықшылығы бар дегенге берер жауап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жоғары оқу орнына түсу кезінде артықшылықтардың болатындығы. Ағымдағы жылғы білім сайысында бірінші дәрежелі диплом мен алтын медальмен – 9, екінші дәрежелі дипломмен және күміс медальмен – 18, үшінші дәрежелі дипломмен және қола медальмен – 30 оқушы марапатталды.
Екі жүзге таяу талапкерлердің арасынан озаттарды таңдау оңай бола қойған жоқ. Әйтсе де, білім білігі мықты академик Мұхтарбай Өтелбаев бастаған қазылар алқасы нағыз таланттарды іріктеп алды.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».