• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қаңтар, 2021

Атырау облысының тұрғыны киік етімен ұсталды

767 рет
көрсетілді

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі – браконьерліктің барлық нысандары мен түрлеріне, оның ішінде киіктерді заңсыз аулауға қатысты шаралардың алдын алу, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жылыой ауданының тұрғынынан аталық киік еті табылды.

Аталған факті бойынша 339-баптың 1-1-бөлігі (Киікті заңсыз аулау, жою, сол сияқты заңсыз олжаланған киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, жөнелту, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің жаңа бабы қолданылады. Оған үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төнеді.

– Киіктер – қорғалатын жануарлар, жойылып бара жатқан түрлер ретінде Қызыл кітапқа енгізілген. Дәстүрлі емес медицинада киіктердің мүйіздерін пайдалану үшін, браконьерлер киіктерді жоюда. Киіктерді заңсыз аулау фактілері соңғы уақытта облыстың әртүрлі аудандарынан келіп түсуде. Қазіргі уақытта киік мүйізін көтерме сатып алумен және оларды алыс, жақын шет елдерге өткізумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деп атап өтті Департамент бастығы Атығай Арыстанов.  

Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде мобильді топтар 150-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 88 фактісі анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан 79-ы бойынша жалпы сомасы 187 515 теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылып, 118 065 теңге өндірілді, оның ішінде:

11 балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін;

68-жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін ұсталды.

Көрсетілген кезеңде мақсатты іс-шараларды жүргізу барысында тоғыз қылмыстық іс анықталып, қозғалды, оның ішінде:

– ҚР ҚК 337 бабы бойынша (Заңсыз аңшылық) – бес;

– ҚР ҚК 339-бабы 1-1-тармағы (Киікті заңсыз олжалау, жою, сол сияқты заңсыз олжаланған киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) бойынша – үш;

– ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлімі бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктері мен дериваттарымен заңсыз жүгіну) – бір;