• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Қаңтар, 2021

Еуропалық сарапшы Қазақстандағы Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді

1630 рет
көрсетілді

ISDP директоры – Орталық Азия және Кавказ институтының директоры Сванте Корнелл 2021 жылғы қаңтарда өтетін Қазақстан Парламентінің сайлауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне кіріскеннен кейін өткізілетін алғашқы парламенттік сайлау болмақ. Қазақстан үкіметі бұған дейін саяси либерализацияның алғышарты ретінде экономикалық дамуға басымдық беру туралы айтқан болса, енді Президент осы екі бағыт бойынша қатар жүру қажеттігін ашық мойындады», дейді Сванте Корнелл.

Сарапшы осылардың нәтижесінде елдегі саяси плюрализмді әртараптандыруға және шынайы көппартиялық жүйені құруға бағытталған бірқатар реформа жүргізілгенін де тілге тиек етті.

«Қазақстан халықаралық қауымдастыққа жүгіне отырып, ЕҚЫҰ бақылаушыларын сайлауға шақырады. Бұл сайлау Қазақстанға ҮЕҰ мен халықаралық серіктестердің сыни тұрғысынан қайшылықтар туғызғанымен, өзінің саяси үдерісіндегі прогресті көрсетуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Осы тәсіл Еуразия мен Таяу Шығыстың бірқатар елінде жүзеге асырылған революциялық өзгерістерден мақсатты түрде ерекшеленіп отыр», дейді ол.

Сванте Корнелл қаңтардағы сайлау Қазақстанның саяси жүйесінде едәуір революциялық өзгерістерге әкелмейтінін, дегенмен уақыт өте келе саяси плюрализмді енгізудің бастамасы болатынына сенім білдірді. «Аталған саяси үдерісті Қазақстан халықаралық серіктестердің қолдауымен жеделдете түседі. Сондықтан қазақстандық билік тәуелсіз саяси күштермен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс», деп түйіндеді Сванте Корнелл.