2021 жылғы 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz
1 904 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 629 адам, анықтамасыз 275 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 090 жолаушы, анықтамамен - 923, анықтамасыз - 167; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 644 жолаушы, анықтамамен - 536; анықтамасыз - 108;Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген;Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 88 жолаушы анықтамамен келген;Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы анықтамамен келген.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет.2021 жылдың 6 қаңтарында анықтамасыз келген 299 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.