2020 жылдың 12 айында Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының күшімен 612 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде 85 есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Заңсыз айналымнан 250 килограмнан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде "героин" - 150 грамм, "марихуана" - 253 кг 571, 2 грамм, "гашиш" - 303 грамм, "опий" - 93,5 грамм, "синтетикалық есірткі" – 567,3 грамм.
ҚР ІІМ министрінің нұсқауы бойынша есірткіген қарсы насихат жұмыстары тұрақты жүргізіліп, әртүрлі маңызды шаралар ұйымдастырылып келеді.
"Ақтау қаласының қоғамдық орындарында 75 граффити жазу анықталып, жойылды, сондай-ақ есірткі құралдары мен олардың аналогтарын жарнамамен және сатумен айналысатын 85 интернет — сайт анықталды, олар ҚР ІІМ ЖПН-де бұғаттауға жолданды", дейді аймақ полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.