• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2021

Маңғыстау полицейлері өткен жылы екі тоннадан астам бекіре балығын тәркіледі

480 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері браконьерлікке қарсы күресу бағытында 2020 жылдың 12 ай ішінде біршама көрсеткіштерге қол жеткізіп, жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бастап ПД және қала, аудандық ішкі істер бөлімдерімен облыс көлемінде өсімдіктерді қорғау және браконьерлікке қарсы күрес аясында бірнеше арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып  өткізілді. 

Маңғыстау аумағында табиғат қорғау заңнамасы бойынша 80-ге жуық қылмыстық іс қозғалып, әкімшілік құқық бұзушылықтарға байланысты 436 хаттама толтырылды. Нақтырақ айтқанда, былтырғы жылда балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау бойынша 19 дерек, заңсыз аңшылық бойынша 3 дерек, өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша 49 дерек, қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құралғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша 9 дерек тіркелді. 

ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы, яғни жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу бойынша 133 хаттама толтырылып, сәйкесінше құқық бұзушыларға 46 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 

ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы, яғни балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша 62 хаттама толтырып, бір миллион тенгеден астам айыппұл салынды.

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру,  яғни ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 155 хаттама толтырып, 600 мың тенгеден астам айыппұл салынды.    

ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы, яғни  азаматтық, қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, тәртібін бұзу бойынша 83 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы, яғни жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы бойынша 3 құқық бұзушылық дерегі тіркелді.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан 2600 келіден астам бекіре тұқымдас балығы және 1 келі бекіре тұқымдас балықтарының қара уылдырығы, онымен қоса, қайық, қарулар, қолдан жасалынған пышақтар тәркіленіп алынды.