8 қаңтар күні таңертең 1414 номерінен 400 мыңнан астам қазақстандыққа «5 шілдеден бастап табысыңызды жоғалтқан болсаңыз, 42 500 төлемін белсенді түрде алуға келісесіз бе?» деген мазмұндағы смс-хат таралды, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл техникалық ақау екенін хабарлады.
- Түнде жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізілді, салдарынан төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама таралып кеткен. Байланыс операторларының 400 000 абонентіне хабарлама берілген. Бұл жағдай адам факторының салдары. Мазасыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз! - деп хабарлады "ҰАТ" АҚ баспасөз хатшысы Жанар Мағзұмова.