Жарылыс Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясына қарасты Нинсяндағы зауытта орын алған. Салдарынан бір адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Жарылыс 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 18:12-де қолданылған батареяларды өңдеумен, сондай-ақ аккумуляторлық материалдар шығарумен айналысатын Hunan Brunp Recycling Technology компаниясы зауытының цехтарының бірінде болды.
Зардап шеккендердің алтауы ауыр жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алып жатыр.