• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Қаңтар, 2021

Оралда жаңа аурухана ашылды

702 рет
көрсетілді

Орал қаласында жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды EEgemen.kz

Жаңа аурухана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және Қазақстан үкіметінің бастамасымен салынды. Өткен жылы бүкіл адамзатты дүрліктірген коронавирус эпидемиясы еліміздің әр өңірінде осындай заманауи орталық қажеттігін анық көрсеткен болатын. Өйткені пандемия кезінде медициналық ұйымдарға, ең алдымен инфекциялық ауруханаларға үлкен салмақ түсті. Жаңа ғимарат осы қажеттілікті өтеуге, науқастарды жаңаша емдеуге мүмкіндік береді.

Модульдік стационарды енгізу инфекциялық аурухананың мүмкіндігін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берген. Осындай модульді инфекциялық ауруханалар Қазақстанның барлық облыс орталықтарында салынды. Бас мердігер компания - BI-group - Қазақстандағы құрылыс көшбасшыларының бірі болса, Оралдағы аурухана ғимаратын BI-group-тың еншілес компаниясы - «KazPACO» ЖШС басқарды.

Орал қаласының «Жұлдыз» шағынауданынан бөлінген 4 гектар аумақ – облыс орталығының экологиялық таза пұшпағы. Аурухана құрылысына шамамен 1000 адам қатысты, олардың негізгі бөлігі жергілікті тұрғындар еді.

Жаңа модульді аурухана 8 блоктан құрылған бір қабатты ғимараттардан тұрады. Ол 200 төсекке есептелген. Мұнда 20 реанимация бөлімшесі бар. Құрылыс бар-жоғы үш ай ішінде салынып бітті.

Бұл аурухана ғимараты пневмониямен ауыратын, оң және жағымсыз CVI таралатын науқастарды, жүкті әйелдерді, балаларды, қосымша аурулары бар науқастарды емдеуге жатқызуға ыңғайлы. Инфекция жолын азайту үшін әр блокқа кіріп-шығатын автономды есіктер жасақталған. Медицина қызметкерлерінің демалыс бөлмесі, «лас» аймаққа кірер алдында немесе одан шыққан кезде киім ауыстыратын арнаулы бөлмелер жасақталған.

Ауруханаың ашылуына қатысқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев медицина ардагерлерімен бірге барлық бөлме-жайды аралап көріп шықты. Инфекциялық аурухана директоры Надия Ахметова әр блокты таныстырып, аурухана жабдықталған заманауи жабдықтармен таныстырды. Яғни мұнда сараптамалық сыныптағы ультрадыбыстық аппарат, цифрлық рентген аппараты; 32 тілім жүйесі бар компьютерлік томография, биоматериалдарды зерттеуге арналған зертханалық анализаторлар, эндоскопиялық стендті бейнебронхоскоп секілді қымбат та қажетті құралдар бар. Айта кетейік, аурухананың медбике құрамы бұл жабдықтармен жұмыс істеуге машықтанған.